Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығында Қазақстан Республикасының жаңа конституциясының жобасы талқыланды. Кездесу мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Ашық диалог форматында өтті.
Жобаның негізгі ережелерін түсіндірумен орталықтың заңгері — П.В. Перепелкин сөз сөйледі. Өз сөзінде ол ұсынылған өзгерістер мен олардың құқықтық маңыздылығына егжей-тегжейлі тоқталып, жоба азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және тиімді қоғамдық диалогты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Талқылау барысында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
2026 жылғы 15 наурыз еліміздің қоғамдық – саяси өміріндегі маңызды кезең–жаңа конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша Республикалық Референдум өтеді. ОФПО ұжымы дауыс беруге белсенді қатысуға дайын екенін білдіріп, мемлекеттің болашағына азаматтық жауапкершілік пен қызығушылық танытты.
