Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Пациенттерге көмек көрсету үстелі

Бас дәрігердің 2016 жылғы 6 қаңтардағы №39-ОД бұйрығына сәйкес, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) бөлімі құрылды.

Егер Сіз:

  • медициналық қызмет көрсетудің сапасына риза болмасаңыз;
  • медициналық персоналдың дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;
  • медициналық қызметкерлердің кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін ақша талап ету фактілерін байқасаңыз;

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде, ең кеші 5 күн ішінде қарастырып, нәтижелері туралы ақпарат береді.

Өтінішті (шағымды) әр бөлімде орналасқан өтініш жәшіктеріне, сондай-ақ сенім телефоны арқылы немесе бөлім меңгерушісі Наталья Владимировна Шахтаринаға, жоғары біліктілік санатындағы фтизиатр дәрігерге және дәрігер-экспертке жеке түрде қалдыруға болады.

Сенім телефоны: 8 (715)2 53-80-51

Call-орталық: 8 (715)2 53-80-40

Құжаттар мен есептер