Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Мақсаттар мен міндеттер

Бағдарламалық Мақсаттар: 

1 мақсат: Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы.

1.1 тапсырма: Басқару және қаржыландыру тиімділігін арттыру.

2 мақсат: Өңірдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және жақсарту.

2.1 тапсырма: Туберкулезбен аурушаңдық, өлім-жітім және таралу көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізу.

2.2 тапсырма: ТБ және ДТ ТБ науқастарын емдеудің пациентке бағдарланған  моделін кеңейту.

3 мақсат: Облыстың туберкулезге қарсы қызметінің туберкулезбен ауыратын науқастардың емделуін арттыруға бағытталған тиімді қызметі.

3.1. тапсырма: Сезімтал және дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігін арттыру.

3.2. тапсырма: Облыстың БМСК және пенитенциарлық жүйесі мекемелерінде туберкулезге қарсы бағдарламаның тиімді мониторингін жүзеге асыру.

4 мақсат: Пациентке бағдарланған жүйенің сапасын арттыру.

4.1. тапсырма: Пациенттердің медициналық қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігіне қанағаттану деңгейін арттыру.

4.2. тапсырма: Пациенттер мен олардың отбасы мүшелерінің шағымдарының (өтініштерінің) негізділігін төмендету.

5 мақсат: Персоналды оқыту және дамыту деңгейін арттыру.

5.1. тапсырма: Кадрлық әлеуетті одан әрі жетілдіру.

6 мақсат: Медициналық қызмет көрсетудің ішкі процестерінің тиімді ауруханалық менеджменті.

6.1 тапсырма: Пульмонологиялық және торакальды төсек-орындарын аша отырып, ОФПО төсек-орын қорын қайта құрылымдау және қайта бейіндеу.

6.2 тапсырма: Туберкулезбен (бұдан әрі-ТБ) және тыныс алу органдарының ауруларымен (бұдан әрі-ТОА) ауыратын науқастарды оңалтудың инновациялық әдістерін енгізу.

7 мақсат: Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру.

7.1 тапсырма: Қаржы қаражатын мақсатты және ұтымды пайдалану.

7.2 тапсырма: Кадрлық әлеуетті арттыру. Жоғары білікті кадрлардың құрамын қалыптастыру.

7.3 тапсырма: Орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңарту.