Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Мониторингтік сапарлар жалғасуда: СҚО аудандарындағы жұмыс

2026 жылға арналған туберкулезге қарсы бағдарламаны және Солтүстік Қазақстан облысының алғашқы медициналық-санитарлық көмек медициналық ұйымдарына мониторингтік сапарлардың бекітілген жоспарын іске асыру шеңберінде мониторинг және бағалау тобы (МжБ) мамандарының көшпелі жұмысы жалғасуда.

Кезекті сапарлар Мамлют және Жамбыл аудандарының медициналық ұйымдарында өткізілді. Сапарлардың негізгі мақсаты медицина қызметкерлеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ МСАК деңгейінде туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және емдеу жөніндегі іс-шараларды өткізу сапасын бағалау болды.

Сапар барысында МжБ тобының мамандары медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын өткізді. Кездесулер аясында туберкулезді уақтылы анықтау, ауруға күдік туындаған жағдайда жұмыс алгоритмдері, скринингтік тексерулер жүргізу тәртібі, сондай-ақ халық арасында профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Осындай мониторингтік сапарларды жүргізу медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, медициналық көмек деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және өңірде туберкулезді ерте анықтау және алдын алу жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.