24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық ауруханасында Ашық есіктер күні өтті. Барлық ниет білдірушілер флюорографиялық тексеруден тегін өтіп, фтизиатр-дәрігерден кеңес ала алды. Мұндай шаралар ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Талшық орта мектебінде оқушыларға дәріс өткізілді, оның барысында мамандар туберкулездің белгілері, аурудың берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Ерте медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ студенттерімен кездесу өтті, онда жастарға өз денсаулығына қамқорлық жасау, тұрақты тексеруден өту және салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін еске салды.
Өткізілген іс-шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Айлық жалғасуда және осы бағыттағы жұмыс күшейтіледі.


