Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Жастарға арналған интерактивті дәріс: туберкулез туралы білім — диалог форматында

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлықтың аясында–24 наурызда белсенді жұмыс жалғасуда. С.Мұқанов атын. облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «И.Даутов атынд. қызмет көрсету саласы колледжі» КММ студенттеріне танымдық дәріс өткізілді.

Дәрісті Солтүстік Қазақстан облысы фтизиопульмонология орталығының фтизиатр-дәрігері Н.Ш.Суходубова өткізді. Кездесу барысында маман туберкулездің белгілері, оның берілу жолдары, алдын алу шаралары және медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы туралы кеңінен айтып берді.

Іс-шара жанды және қызықты форматта өтті: студенттер талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойды, сондай-ақ тақырыпты білуге арналған блиц-турнирге қатысты. Ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болды.

Мұндай кездесулер жастардың хабардарлығын арттыруға және олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.