Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығында киберқылмыс мәселелері бойынша қызметкерлермен ақпараттық-түсіндіру сұхбаты өтті.
Кездесуді СҚО полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Милена Балацкая өткізді. Әңгіме барысында маман цифрлық ортадағы заманауи қауіптер және интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Іс-шара барысында алаяқтық әрекеттердің нақты мысалдары келтірілді, дербес деректерді қорғау, интернет-ресурстар мен қаржы сервистерін қауіпсіз пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Мұндай кездесулер цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. ОФПО қызметкерлері алынған ақпараттың өзектілігін және цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

