2026 жылға арналған туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына жоспарлы мониторингтік сапарлар жүргізу жалғасуда.
Солтүстік Қазақстан облысы фтизиопульмонология облыстық орталығының мониторинг және бағалау тобының (МжБ) мамандары Тимирязев ауданы мен Шал ақын ауданының медициналық мекемелеріне барды.Сапарлардың негізгі мақсаты 2025 жылы іске асырылған туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ туберкулезді ерте анықтау, емдеу және алдын алу бойынша ағымдағы жұмысты талдау болды.
Сапар барысында тәуекел топтарын қалыптастыруға, диагностиканың сапасы мен уақтылығына, медициналық құжаттаманы жүргізуге, сондай-ақ КМАЖ жүйесінде жұмыс істеуге ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, электрондық журналдарды жүргізудің дұрыстығына және пациенттерді бақылаудың қолданыстағы стандарттарының сақталуына тексеру жүргізілді.
Сондай-ақ мониторинг шеңберінде медицина қызметкерлерімен оқыту кездесулері ұйымдастырылды, онда туберкулезге қарсы қызметтің өзекті мәселелері талқыланды, практикалық жағдайлар қаралды және кәсіби тәжірибе алмасылды.
Сапар нәтижелері бойынша МжБ тобының мамандары жұмысты жетілдіруге және халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар берді.




