Медицина қызметкері күні қарсаңында, 16-17 маусым Денсаулық сақтау өкілдерін спорт, достық және салауатты бәсекелестік атмосферасында біріктірген қала мен облыстың медициналық ұйымдары арасында жыл сайынғы спартакиада өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығының командасы жарыстарға белсене қатысып, ұйымшылдықты, мақсаттылықты және нағыз командалық рухты көрсетті.Қатысушылар дойбы, волейбол, тоғызқұмалақ, арқан тарту, ұзындыққа секіру және эстафета сияқты түрлі сайысқа түсті.Жарыстың әр түрі тек спорттық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар төзімділік, өзара көмек, жауапкершілік және ортақ мақсатқа ұмтылу сияқты қасиеттерді көрсетуге мүмкіндік болды.
Медицина қызметкерлері үшін спорт салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады.Мұндай іс-шаралар денсаулықты нығайтуға ықпал етеді, қарқынды кәсіби қызметте жинақталған эмоционалдық шиеленісті жеңілдетуге көмектеседі, сондай-ақ бейресми қарым-қатынас пен корпоративтік бірлікті нығайтуға жағдай жасайды.
Спартакиада қатысушыларға сергектік, жағымды эмоциялар мен көптеген жарқын әсерлер сыйлап, спорттың нағыз мерекесіне айналды. Біздің орталықты абыроймен таныстырған барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз—спорттық және кәсіби жаңа жеңістер тілейміз!





