2026 жылғы 8-9 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығының базасында «Туберкулезге қарсы кабинеттердің мейібикелері мен тікелей бақыланатын емдеу бойынша мамандар қызметінің практикалық аспектілері: емдеу, алдын алу, құжаттаманы жүргізу және ақпараттық жүйелердегі жұмыс» семинар-тренингі өтті. Іс-шараны СҚО ОФПО, «Сенім-Оңтүстік» ҮЕҰ және «Республикалық медицина академиясы» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін жаһандық қор грантының қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды.
Оқытуға туберкулезге қарсы кабинеттердің мейірбикелері және туберкулезбен ауыратын науқастарды тікелей-бақыланатын емдеуге жауапты мамандар қатысты.
Екі күн ішінде қатысушылар амбулаториялық кезеңде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелердің кең ауқымын қарастырды. Бағдарламада туберкулезді диагностикалау мен емдеуге, туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуге, дәріге төзімді туберкулез терапиясының қысқа схемаларын енгізуге, тікелей-бақыланатын және бейнебақыланатын емдеуді ұйымдастыруға, медициналық құжаттаманы жүргізуге және ТНҰТ ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге заманауи тәсілдер ұсынылды. Тәжірибелік сабақтарға, клиникалық жағдайларды талдауға және мамандар арасында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификаттар алды. Мұндай іс-шараларды өткізу медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.












