Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

«Мен енді емделгім келмейді»: бұл сөздердің артында не жатыр?

Туберкулезді емдеу — бұл уақытты, төзімділікті және күш-жігерді талап ететін жол. Кейде пациентке оны жалғастыру өте ауырға соғады.

🌍 Жыл сайын туберкулез бүкіл әлемде миллиондаған адамға әсер етеді. Соңғы онжылдықта туберкулезбен ауырғандар саны орта есеппен жылына 10 миллионға жуық адамды құрады. 2024 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, 10,7 млн адам туберкулезбен ауырып, 8,4 млн адам ем алды, 1,1 млн адам емдеуді үзді, ал әлемде дәріге сезімтал туберкулезден емделіп шығу көрсеткіші 85%-ды құрады.

Бұл емнің нәтиже беруі үшін оны өз бетінше үзбей, аяғына дейін жалғастыру өте маңызды.

Неліктен адам кейде: «Мен енді емделгім келмейді» — дейді?

Себептері әртүрлі болуы мүмкін:

  • емдеудің ұзақтығы және дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдаудан шаршау;
  • жанама әсерлер мен денсаулықтың нашарлауы;
  • қорқыныш, үрей, эмоционалдық қажыу;
  • шектеулерді сақтау және әдеттегі өмір салтын өзгерту қажеттілігі;
  • стигма және айналадағылардың айыптауынан қорқу;
  • «жағдайым жақсарып қалды» және емдеу енді қажет емес сияқты сезім.

«Мен енді емделгім келмейді» деген сөздердің артында айығуды қаламау емес, шаршау, қорқыныш немесе адамның өз мәселесімен жалғыз қалғандай сезінуі тұруы мүмкін.

Мұндайда қолдау көрсету ерекше маңызды.

Медицина қызметкері — емделу қажеттілігін еске салып қана қоймай, бас тарту себебін түсінуге тырысу, пациентті тыңдау, түсініксіз жайттарды түсіндіру және туындаған қиындықтарды еңсеруге көмектесу маңызды.

Жақындары — айыптамау және қысым жасамау, керісінше қолдау көрсету, режимді сақтауға көмектесу және бұл жолдың не үшін басталғанын еске салып отыру қажет.

Пациенттің өзі — өз уайымымен жалғыз қалмау керек. Егер емделу қиынға соқса, бұл туралы медицина қызметкеріне ашық айтқан маңызды. Көптеген мәселелерді бірге шешуге болады.

Емдеуді жалғастыру — өзіңе айығып кетуге мүмкіндік беру деген сөз!