Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2026-2027 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысын орындау шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК-да қызметкерлерді тұмауға қарсы жыл сайынғы жоспарлы вакцина егу өтті.
Нормативтік актіге және ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, медициналық ұйымдардың қызметкерлері міндетті профилактикалық вакцинациялауға жататын халықтың басым нысаналы тобына кіреді.
Күн сайын пациенттермен, соның ішінде созылмалы аурулары бар және иммунитеті әлсіреген адамдармен тығыз қарым-қатынаста болатын медицина қызметкерлері респираторлық инфекцияларды жуқтыру қаупіне көбірек ұшырайды.
Вакцина егу тұмаумен ауыру және оның ауыр асқынуларының даму қаупін азайтуға көмектеседі, сондай-ақ айналадағы адамдарды — әріптестерді, пациенттерді және отбасы мүшелерін қорғауға ықпал етеді.
Медицина персоналы үшін өз денсаулығына қамқорлық жасау — бұл тек жеке жауапкершілік қана емес, сонымен бірге кәсіби мәдениеттің маңызды бөлігі. Өйткені қызметкерлердің денсаулығын сақтай отырып, біз пациенттеріміздің де қауіпсіздігіне қамқорлық жасаймыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды күтіңіздер! Дендеріңіз сау болсын!





