Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Аға буынға қамқорлық пен құрмет айлығы: аралық қорытынды шығарамыз!

Бүгін, 15 қазанда Солтүстік Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығында 1 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан Халықаралық қарттар күніне арналған айлықтың алғашқы қорытындыларын шығарамыз.

Айлықтың жартысы артта қалды, осы уақыт ішінде біз қымбатты ардагерлерімізге көптеген жылы сәттерді, назар мен қамқорлық сыйлап үлгердік!

🍂 Еңбек демалысындағы қызметкерлер үшін күлкіге, жылы тілектер мен жағымды естеліктерге толы мерекелік концерт өтті.

🏥 10 қазанда Орталықта Ашық есік күні өтті.

🩺 Айлық бойы қарт адамдар үшін тегін флюорографиялық тексеру, ал зейнеткер қызметкерлеріміз үшін жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы, қанның биохимиялық талдауы, ЭКГ және флюорографияны қамтитын кеңейтілген профилактикалық тексеру ұйымдастырылды.

  • азандағы алғашқы нәтижелеріміз:

Егде жастағы 12 адам тегін флюорографиядан өтті.

Зейнеткер 8 қызметкер кешенді профилактикалық тексеруден өтті.

Бірақ біз үшін тек цифрлар ғана емес, әрбір адамға деген көңіл бөлу, ардагерлеріміздің шынайы күлкісі мен алғыс сөздері маңызды. Өйткені, аға буынға қамқорлық жасау – бұл өмірінің жылдарын еңбекке және мекемеміздің дамуына арнаған жандарға деген құрмет пен ризашылықты білдірудің мүмкіндігі.

Бүгін біз атқарылған жұмыстың шағын қорытындыларымен және қымбатты ардагерлеріміздің жылы лебіздерімен бөлісеміз.

Айлық жалғасуда… Алда әлі талай игі істер күтіп тұр!