Директордың м. а.
Бижанов Қаныш Болатұлы
Солтүстік Қазақстан облысы фтизиопульмонология облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы
Қаныш Болатұлы 1977 жылы Жезқазған облысында (қазіргі Ұлытау облысы) дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын емдеу ісмамандығы бойынша және Халықаралық экономикалық институтын Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Медициналық институтты бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облысына Целинный орталық аудандық ауруханасының хирургі болып жұмыс істеуге келді.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері болып, Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің директоры болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК директоры болды.
2024 жылғы 27 наурыздан бастап 2025 жылғы 13 тамызға дейін СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы фтизиопульмонология облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Ол жоғары кәсібилікке, стратегиялық ойлауға және денсаулық сақтау жүйесінде үлкен тәжірибеге ие, салмақты шешімдер қабылдау және жұмысты тиімді ұйымдастыру қабілетімен ерекшеленеді.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
2021 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары
Кусаинова Раиса Ермековна
Туған күні: 1964 жылғы 13 мамыр
Білімі:
1988 жылы Новосибирск қаласындағы Еңбек Қызыл Ту орденді медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Фтизиатрия» мамандығы бойынша интернатурадан өтіп, фтизиатр дәрігері біліктілігін алған.
Еңбек жолы:
1991 жылдың қазан айынан бастап ОЦФП мекемесінде учаскелік фтизиатр дәрігері болып еңбек жолын бастаған.
Қайта даярлаудан өткеннен кейін рентгенолог, рентген бөлімшесінің меңгерушісі, диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2002 жылдың желтоқсан айынан бастап емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметін атқаруда.
Емдеу-диагностикалық және профилактикалық жұмыстың барлық әдістерін меңгерген, фтизиатрия саласындағы жаңа әдістерді, ҚР ДСМ бұйрықтарын, стратегиялар мен бағдарламаларды тәжірибеге белсенді енгізеді.
«Сәулелік диагностика», «Фтизиатрия» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санатына ие, сондай-ақ «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Пульмонология (ересектер)» мамандықтары бойынша сертификаттары бар.
Марапаттары:
2018 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Жұмыс телефоны: 62-57-75 (қос. 304)
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
Электрондық пошта:
otd_priemnaya@mail.kz
Бас мейіргер
Малкина Нургул Таутасовна
Туған күні: 1973 жылғы 30 қараша
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы
Білімі:
1997 жылы Петропавл медициналық колледжін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1998 жылдан бастап Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде жалпы бөлімшенің мейіргері болып жұмыс істеген.
2002 жылы диспансерлік бөлімшенің учаскелік мейіргері қызметіне ауыстырылған.
2007 жылдан бастап жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде мейіргер болып жұмыс істеген.
2009 жылы осы бөлімшенің аға мейіргері болып тағайындалған.
2014 жылдан бастап ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің аға мейіргері қызметін атқарған.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бас мейіргердің міндетін атқарған.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап бас мейіргер қызметіне бекітілген.
Біліктілігі:
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
Орта және кіші медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырумен, олардың біліктілігін арттырумен айналысады, ішкі тәртіп ережелерінің және емдеу-қорғау режимінің сақталуын бақылайды.
Жұмыс телефоны: 62-57-75 (қос. 317)
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
Электрондық пошта:
otd_priemnaya@mail.kz


