Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Республикалық кеңес

«Қазақстан Республикасында 2026-2028 жылдарға арналған ТБ және ДТ ТБ – ға қарсы күрестің кешенді және тиімді шаралары» Жаһандық қор (бұдан әрі-ЖҚ) грантының жобасы шеңберінде 2026 жылғы 26-27 ақпанда Алматы қаласында «Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру және перспективалары» 2025 жылдың қорытындылары бойынша Республикалық кеңес өтуде. Бағдарламаның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҰФҒО), «Қазақстандағы ТБ тоқтатайық»  ұлттық әріптестігі, Жаһандық қор жобаларын іске асыру тобы болды.

Үйлестіру кеңесінің мақсаты: 2025 жылға арналған ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру қорытындыларын шығару; қызметтің негізгі бағыттарына шолу жасау; тәжірибе алмасу; халықаралық ұсынымдарды, озық тәжірибелерді және енгізілген инновацияларды қарау; 2026-2028 жылдарға арналған ЖҚ грантының негізгі аспектілерін жариялау; жұмыс топтарында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігіне және «End TB» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау.

Кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ ҰФҒО өкілдері, облыстық фтизиопульмонология орталықтарының бірінші басшылары, ТБ/АИТВ саласындағы ҮЕҰ басшылары, ҚР ҒТП халықаралық, ұлттық консультанттары мен серіктестері, медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады. СҚО ОФПО-дан директордың м.а. Қ.Б. Бижанов кеңесте баяндама жасайды.

Кеңес қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, ҚР фтизиатриялық қызметін одан әрі дамыту бағытының перспективалары белгіленді, ҚР-да туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алу тиімділігін арттыру үшін жоспар әзірленді.