Қызыл Жарты Айдан балаларға қайырымдылық көмек

2025 жылғы 8 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығына біздің кішкентай пациенттеріміз үшін жылы, жайлы көрпелер— гуманитарлық көмек түсті.

Акцияны Жапон Қызыл Крестінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы ұйымдастырды. Осы бастама аясында біздің орталық ауруханада емделіп жатқан балаларға арналған 20 көрпе алды.

Бұл игі акция СҚО-дағы «ТБ ТОҚТА» серіктестігінің өңірлік өкілдігі мен ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумның арқасында мүмкін болды.

Мұндай назар аудару және қолдау қимылдары балаларға үйден тыс жерде де жылулық, қамқорлық және жайлылық атмосферасын құруға көмектеседі.

Облыстық фтизиопульмонология орталығының ұжымы біздің кішкентай пациенттеріміздің болу жағдайларын жақсартуға көрсеткен зейіні, мейірімділігі және қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалына шын жүректен алғысын білдіреді.

 

09.10.2025
Қаралым саны: 118
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz