Әкімшілік блогы

Директор

Күсемісов Құмар Тілебалдинұлы

Қ.Т. Күсемісов 1985 жылы 4 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2006 жылы Солтүстік Қазақстан медициналық колледжін бітіргеннен кейін Қарағанды қ. фтизиопульмонология орталығының жан сақтау бөлімінің мейірбикесі қызметінен бастады.

2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық орталық ауруханасының хирургі лауазымына қабылданды, одан әрі әр жылдары сарапшы дәрігер, бас дәрігер орынбасарының м. а. болып қызмет атқарды.

2016 жылдың ақпанынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті госпиталінің бастығы қызметін атқарды.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының стратегиялық мәселелер және кадр саясаты жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап СҚО ДСБ басшысы қызметін атқарды.

2022 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің келісімі бойынша «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2024ж. 27.03. №10-л бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Жұмыс телефоны: 62-57-75 (қос. 301)

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі: жұма күндері сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

Электрондық мекен-жайы: otd_priemnaya@mail.kz  

Директордың медецина бөлімі бойынша орынбасары

Раиса Ермекқызы Құсаинова

Раиса Ермекқызы Құсаинова

1964 жылы 13 мамырда туған.

1988 жылы Новосибирск Еңбек Қызыл Ту орденді медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген, фтизиатр дәрігер біліктілігін берумен «Фтизиатрия» мамандығы бойынша интернатураны бітірді.

Еңбек жолын 1991 жылдың қазан айынан бастап ОФПО учаскелік фтизиатр болып бастады, содан қайта даярлаудан өткеннен кейін рентгенолог, рентген бөлімшесінің меңгерушісі, диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 2002 жылдың желтоқсанынан бастап бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Емдеу-диагностикалық және алдын алу жұмыстарының барлық әдістерін меңгерген, фтизиатрия саласындағы барлық жаңа әдістемелерді, ДСМ бұйрықтарын, стратегиялар мен бағдарламаларды практикаға белсенді түрде енгізеді. «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Сәулелік диагностика», «Фтизиатрия» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

2018 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Жұмыс телефоны: 62-57-75 (қосымша 304)

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау: бейсенбі күні 15-00-ден 17-00-ге дейін

Электронды мекен-жай: otd_priemnaya@mail.kz

Бас мейірбике
Малкина Нұргүл Таутасқызы

 Малкина Нұргүл Таутасқызы

1973 жылы 30 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1997 жылы Петропавл медициналық колледжін «Мейірбике» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1998 жылы «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» жалпы ауруханалық бөлімшенің мейірбикесі болып бастады.

2002 жылы диспансерлік бөлімшенің учаскелік мейірбикесі лауазымына ауыстырылды.

2007 жылы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің мейірбикесі болып ауыстырылды.

2009 жылы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің аға мейірбикесі болып тағайындалды.

2014 жылы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің мейірбикесі лауазымына ауыстырылды.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап бас мейірбикенің міндетін атқарушы.

2023 жылдың қаңтарынан бастап бас медбике лауазымында бекітілді.

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Еңбекті ұйымдастыру, аурухананың орта және кіші буын медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелерімен айналысады және оның жұмысына бақылау жасайды. Жұмыс кестесіне, ішкі тәртіп ережелерінің, емдеу-күзету режимінің сақталуына тексеру жүргізеді.

Жұмыс телефоны: 62-57-75 (қосымша 317)

Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі күні сағат 15 00-ден 17 00-ге дейін

Электрондық мекенжайы: otd_priemnaya@mail.kz

Мақаланы құрған күні 23.01.2018 14:55

Мақаланы жаңартқан күні 29.03.2024 15:09

Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus