Маңызды ақпарат​

2023 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМДЕР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН - жалақының 3% мөлшерінде

10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ОНЫҢ ІШІНДЕ АҚС ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР - табысының 2%

10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР (ЖК)

ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АЗАМАТТАР НЕМЕСЕ БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕР

✔️ Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге

✔️ Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге

ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР

1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге

МЕМЛЕКЕТ 15 ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА КІРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% құрайды*

* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.

 

29 қазан   Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

Қазақстанда туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи мүмкіндіктері

Қазақстанда туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи мүмкіндіктері

Медициналық сақтандыру қоры

Құрметті ата-аналар! Соңғы айлары Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген. Балаларыңызға мұқият болуды сұраймыз.

Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады.

Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.

Қызылша кезінде кейіннен бір біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады.

  • Бірінші күні бөртпе құлақтың артына, бастың шаш бөлігіне, бетке және мойынға, кеуденің жоғары бөлігіне шығады;
  • Екінші күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады;
  • Үшінші тәулікте бөртпе аяққа шығып, бетіндегісі бозарады.

Инфекция көзі – науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілемей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қышықтықққа таралуы мүмкін. Қызылшамен ауыратын науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100%-да жұғу орын алады.

Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылшамен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі.

Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады.

Қызылшамен ауырып сауыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитеттің төмендеуі байқалатынын есте сақтау қажет, сондықтан бала қандай да бір суық тию немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін, сол себепті оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше-науқас балалармен қарым-қатынастан қорғау қажет.

Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.

Ата-аналарға:

  • балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;
  • қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу ұсынылады.

Егер Сіз немесе Сіздің балаңыз ауырған жағдайда:

  • катаралды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау;
  • ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырту;
  • дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеу;
  • жөтелген және түшкірген кезде бет орамалды немесе сулықты пайдаланып, ауызды және мұрынды жабу, қолды сабынмен жиі жуу;
  • тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (мысалы, бетперде немесе дәке таңғыш) пайдалану – өзін өзі емдемеу қажет!

Қызылшаның алдын алу.

Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі (иммундау егулер арасындағы кемінде 3 ай аралықпен екі рет жүргізіледі). Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алуы қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болса да қызылшаның дамуының алдын алады.

Қызылша — қауіпті инфекция. Балаңызды қорғап үлгеріңіз!

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Денсаулық Сақтауды Дамыту Республикалық Орталығының сайты: www.rcrz.kz

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Халыққа арналған жадынама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ата-аналардан осы кезеңде ерекше назар аударуды сұрайды:

Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта менингит ауруларының маусымдық өсуі байқалады. Сізді балаларыңыздың денсаулығына мұқият болуыңызды сұраймыз.

Ауру жедел менингит түрінде (ми қабағының зақымдануы) немесе менингококкты сепсис (қанның зақымдалуымен), кейде мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдануымен сипатталады.

Менингит кенеттен басталуымен сипатталады: кенеттен қатты бас ауруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін денеде бөртпе пайда болады, дене қызуының 39-400С-қа дейін көтерілуі, қалтырау. Тері қабаттары бозарады. Жалпы әлсіздік, арқада және аяқтардағы ауырсынулар байқалады. Науқастар қатты шөлдейді, тәбеті төмендейді. Менингококкты инфекцияның пайда болуы қауіпті және алдамшы, тұмау, баспа, мұрын бітелуі, тонзилит сияқты осындай «зиянсыз» ауруларды имитациялау болып табылады. Егер қатты тоңудан, аурудан, қатты шаршаудан туындаған, дене қорғанысы әлсіреу сияқты қолайлы жағдайлар туындаса, менингококк мидың қабығына жылдам еніп, қабынуды тудырады.

Инфекцияның көзі — ауру адамдар және «дені сау тасымалдаушылар» яғни клиникалық көріністері байқалмайтын адамдар, бірақ олар менингококк тасымалдаушысы болып табылады.

Менингит кезінде қандай әрекеттерді жасау керек? ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ДӘРІГЕРГЕ БАРУ!!!

Ауру әдеттегі суық тию сияқты көрінуімен байланысты, дәрігерге дер кезінде көріну қажет. Менингитке күдік болған жағдайда, науқас жедел түрде инфекциялық ауруханаға жатқызылады.

Менингиттің алдын алу үшін:

  • Нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени іс-шараларға сауда-ойын-сауық кешендеріне, көпшілік орындарға қажеттіліксіз баруға шектеу қою;
  • Суыққа тоңбау және ауа-райына байланысты киіну;
  • Қолды жуу. Қолды мұқият жуу ауруды жұқтырмауда өте маңызды. Балаларыңызды әсіресе тамақ ішер алдында, қоғамдық орындарда болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін, қолдарын жиі жууды үйретіңіз;
  • Өз денсаулығыңызды қадағалаңыз. Қалыпты дем алып, үнемі спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстану арқылы, иммундық жүйеңізді сақтаңыз;
  • Науқаспен байланыста болған тұлғалар медицина қызметкерлерінің қадағалауымен профилактикалық мақсатпен антибиотиктерді қабылдау бойынша дәрігерлер тағайындауларын орындау.

Құрметті ата-аналар!
Баланың денсаулығы сіздің қолыңызда!!!

Ата-аналар, біздің ұсыныстарымызды есте сақтаңыздар, бұл ақпаратпен басқа ата-аналармен, ересек балаларыңызбен және достарыңызбен бөлісіңіз! Аурудың алдын алған жөн!

Менингит туралы пайдалы сілтемелер:

Менингит — «бас ауыруы» емес: ауруға әкелетін негізгі қателер:
https://365info.kz/2018/05/meningit-eto-ne-golova-bolit-glavnye-oshibki-privodyashhie-k-bolezni/

Менингит: немен қауіпті және қалай қорғану керек?
https://tengrinews.kz/article/792/

Лайфхак: менингиттен қалай қорғану керек?
https://www.caravan.kz/news/lajjfkhak-kak-uberechsya-ot-meningita-446068/

Менингит қандай ауру және аурудың алдын алу үшін не істеу керек?
https://informburo.kz/cards/chto-za-bolezn-meningit-i-chto-nuzhno-delat-chtoby-ne-zabolet.html?utm_source=facebook.com&utm_medium=story&utm_campaign=of

Денсаулық сақтау министрлігінде менингококкты қалай жұқтырмауға болатыны туралы айтты
https://www.nur.kz/1734332-kak-ne-zarazitsa-meningokokkom-rasskazali-v-minzdrave.html

Менингитті қалай анықтауға болады?

Менингитті қалай анықтауға болады? Менингитті қалай анықтауға болады?

Медициналық сақтандыру қоры

Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры Медициналық сақтандыру қоры

Сепсисті қалай алдын алуға болады

Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады Сепсисті қалай алдын алуға болады

http://www.who.int/gpsc/5may/2018/ru/

Алдын алу мәселелері

Алдын алу мәселелері Алдын алу мәселелері Алдын алу мәселелері Алдын алу мәселелері

Темекі шегу және алкоголь — денсаулыққа зиян!

Темекі шегу және алкоголь — денсаулыққа зиян! Темекі шегу және алкоголь — денсаулыққа зиян! Темекі шегу және алкоголь — денсаулыққа зиян! Темекі шегу және алкоголь — денсаулыққа зиян!

Балаңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз

Балаңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз Балаңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз Балаңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз Балаңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз

Пайдалы ақпарат

Пайдалы ақпарат Пайдалы ақпарат Пайдалы ақпарат Пайдалы ақпарат Пайдалы ақпарат Пайдалы ақпарат Пайдалы ақпарат Пайдалы ақпарат Пайдалы ақпарат

Менеджмент

Менеджмент Менеджмент Менеджмент

Скринингтік тексеру

Скринингтік тексеру Скринингтік тексеру Скринингтік тексеру Скринингтік тексеру Скринингтік тексеру Скринингтік тексеру Скринингтік тексеру Скринингтік тексеру

ӨС туралы кеңестер

ӨС туралы кеңестер ӨС туралы кеңестер ӨС туралы кеңестер ӨС туралы кеңестер ӨС туралы кеңестер ӨС туралы кеңестер ӨС туралы кеңестер ӨС туралы кеңестер

Денсаулық мектебі

Денсаулық мектебі Денсаулық мектебі Денсаулық мектебі Денсаулық мектебі Денсаулық мектебі

Отбасылық жоспарлау мектебі

Отбасылық жоспарлау мектебі Отбасылық жоспарлау мектебі Отбасылық жоспарлау мектебі Отбасылық жоспарлау мектебі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики

Туберкулез бизнеске әсер етпейді

Туберкулез бизнеске әсер етпейді Туберкулез бизнеске әсер етпейді
 

Вакцинация сұрақтарының қауырт желісі: 8-8000-700-830

Қымбатты достар!

2018 ж. қаңтарының 01-ші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлері және халыққа ВАКЦИНАЦИЯЛАУ сұрақтарына білікті жауаптар және кеңестер беруді қамтамасыз ету мақсатында «қауырт желі» жұмыс істейді.

Сіздер 8-8000-700-830 телефон нөміріне кез келген ұялы телефон операторлары немесе үй телефоны нөмірлерінен ақысыз қоңырау шала аласыз.

Таңғы сағат 08.00-ден кешкі сағат 20.00 дейін қоңырау соғып, жоғарғы санатты аллерголог, педиатр, невролог және эпидемиолог мамандарынан ВАКЦИНАЦИЯЛАУ мәселелері бойынша жауап алу мүмкіншілігіңіз бар.

Көрсетілген уақыттан тыс түскен қоңырауларға біздің мамандарымыз міндетті түрде қысқа уақытта өздері хабарласады.

Ақпараттар үшін телефон: 8-8000-700-830 (қоңырау тегін).

Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики Фото из раздела: Инфографики

Мақаланы құрған күні 01.02.2018 14:31

Мақаланы жаңартқан күні 02.06.2023 12:26

Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus