ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУДЕГІ ЖӘНЕ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР

2024 жылғы 16 Сәуірде Латвия Республикасының Рига қаласында көптеген дәріге төзімді туберкулезді оқыту және зерттеу жөніндегі халықаралық орталықта «Дәріге төзімді туберкулезді емдеудегі және басқарудағы инновациялар» курсы басталды. Аталған тренингке Қазақстаннан келген үлкен делегация құрамында Солтүстік Қазақстан облысының ОФПО дәрілік заттар қауіпсіздігінің белсенді мониторингі жөніндегі облыстық үйлестірушісі А.Д. Елеукин қатысады.

Тренингтің бірінші аптасында туберкулезді диагностикалаудағы инновациялар, ТБ және ДТ ТБ анықтауға арналған экспресс-тесттер, ТБ және РУ ТБ-ны ерте және белсенді анықтау, изониазидтерге төзімді туберкулезді емдеу, туберкулезге қарсы препараттарға жағымсыз реакцияларды басқару сияқты тақырыптар қарастырылды.

Бұл курстың мақсаты — фтизиатрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ ДТ-ТБ клиникалық және бағдарламалық жүргізу бойынша ең соңғы нұсқаулықтарды, ұсынымдар мен ғылыми деректерді біріктіру.

22.04.2024
Қаралым саны: 23
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus