ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР!

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық және қаржылық қорғау жүйесін енгізу және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ құрамында никотин бар заттардың жастар арасында таралуының алдын алу және оған қарсы күрес бойынша жүйелі шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Заң медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізді (Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды:

✔️тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда балаларына арналған орындарды басым тәртіппен алуға, кәсіптік қызметке заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғауға, мамандыққа құрметпен қарауға, медициналық мамандық бойынша әскери қызмет өткеруге немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға құқықтар берілді;

✔️ «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы — мемлекеттік награда белгіленді;

✔️артық есептілік пен ақпарат беруден босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган енді медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесін бекітетін болады;

✔️ауылдық жерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем жүзеге асырылатын болады.

Заң сондай-ақ темекі шегуге болмайтын темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға және таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салуды белгілейді (ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20.04.2024
Қаралым саны: 19
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus