«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК барлық жазылушыларын келе жатқан Жаңа 2025 жылмен құттықтайды және біздің орталықта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабарлайды.
«Фтизиатрия» «Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен регламенттелген. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Осы мемлекеттік қызмет өзіне, баласына, үшінші тұлғаға қатысты, оның келісімін «электрондық үкімет» веб-порталында портал хабарламасының жауабы ретінде алғаннан кейін алуға болады. Туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұруы немесе тұрмауы туралы ақпарат Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тізілімінен жасалады, құжатты беру регламенті 30 минуттан аспайды.
«Стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметін емдеуші дәрігер жүзеге асырады. Стационарда емдеу аяқталғаннан кейін пациентке жүргізілген тексеру, емдеу нәтижелері бар медициналық картадан үзінді көшірме және пациентті одан әрі емдеу тактикасы бойынша ұсынымдар беріледі. Медициналық картадан үзінді көшірме бойынша деректер ауруханадан шығарылған нақты уақыты көрсетіле отырып, тәулік ішінде медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.
«Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен регламенттелген. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру пациенттің талабы бойынша, негізінен күнтізбелік айдың соңында төлем жүргізу үшін жүзеге асырылады. Ауруды куәландыру қағазы пациент сұраған сәттен бастап 30 минут ішінде медициналық ақпараттық жүйеде қалыптастырылады, QR кодын көрсете отырып, арнайы бланкіде басып шығарылады, есептілік үшін портал арқылы Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.
Қаралым саны: 40