2024 жылғы 18 - 24 қараша аралығында бүкіл әлемде заманауи медицинаның ең өзекті мәселелерінің бірі — инфекциялардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне ерекше назар аударылады. Бұл жаһандық науқан бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қабылдау мақсатында адамдардың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған.
Бұл жарияланымда СҚО ОФПО өз оқырмандарына микробқа қарсы препараттарды қабылдаудың негізгі ережелері жөнінде мәлімет береді.
Антибиотиктерге төзімділіктің таралуын болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
- бактериалды инфекция немесе созылмалы аурулардың асқынуы кезінде дәрігердің тағайындауынан кейін антибиотик қабылдауға;
- дәрігер жазып берген мөлшерде ғана антибиотик қабылдауға. Әдетте емдеу курсы 5–7 күн, кейде 10–14 күнге созылады.
- антибиотик қабылдаған 3 күннен соң да жағдай оңалмаса, емдеу тактикасын өзгертуге (мұны тек дәрігер жасайды);
- антибиотик мөлшерін міндетті түрде жас шамасына қарай таңдауға;
- антибиотикті бірдей уақыт аралығында қабылдауға;
- дәрі — дәрмектерді тамаққа байланысты дұрыс қабылдау бойынша нұсқаулықтарды қатаң сақтауға;
- кез келген дәрі-дірмектерді таза, газдалмаған сумен ішу қажет.
Антибиотиктерді қабылдаған кезде әр уақытта тыйым салынатын жағдайлар:
- өз бетіңізше балаңызға немесе өзіңізге антибиотик тағайындамаңыз;
- оңала бастағанда емдеу курсын үзбеңіз;
- жағдай жақсармаса, антибиотикті өз бетіңізше ауыстырмаңыз;
- антибиотик дозасын жағдай нашарлағанда арттырып, жақсарғанда кемітуге болмайды;
- антибиотикті қабылдау уақыты мен дозасын өзгертпеңіз;
- антибиотикті аш қарынға қабылдамаңыз;
- антибиотикті сүтпен немесе ашыған сүт өнімдерімен, сондай-ақ шай, кофемен және шырындармен ішпеген абзал.
Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, антибиотиктердің мүмкіндігінше қауіпті микробтардан бізді ұзақ қорғауына әр адам ықпал ете алады.
20.11.2024
Қаралым саны: 110
Қаралым саны: 110