БІЛІМ ТАРАТУ. ҮГІТ — НАСИХАТТАУ. ҚАЗІР ӘРЕКЕТ ЕТУ

Жыл сайын 18-24 қараша аралығында бүкіл әлемде микробқа қарсы тұрақтылық мәселесі туралы Дүниежүзілік хабардарлықты арттыру апталығына орай әртүрлі іс-шаралар мен акциялар өткізіледі.

2024 жылғы Дүниежүзілік аптаның тақырыбы – «Білім тарату. Үгіт — насихаттау. Қазір әрекет ету».

Дәріге төзімді микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және паразиттер) — адамдар, жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ қоршаған орта арасында пайда болуы және таралуы мүмкін. Олар шекараны білмейді және барлығына барлық жерде қауіп төндіреді. Қоршаған ортаның ластануы сияқты басқа микробиологиялық стресстермен қатар әртүрлі секторларда микробқа қарсы препараттарды қолданудың артуы мен тиімсіз сипаты микроорганизмдердің дәріге төзімділігінің дамуына қолайлы жағдай жасайды. Антибиотиктерге төзгіштік — жаһандық мәселе әрі бүкіл әлем бойынша өлімге душар ететін үш себептің бірі.

Есте сақтаңыз!

  • антибиотик – адам ағзасындағы бактерияларды жойып, олардың таралуын тежейтін дәрі-дәрмек;
  • антибиотикті себепсіз қолданудың салдарынан емделмейтін супербактериялар пайда болады;
  • антибиотик вирустарға әсер етпейді, кәдімгі ЖРВИ кезінде жөтелгенде, мұрын бітелгенде, дене қызуы көтерілгенде, асқынулар болмаса, антибиотикті қабылдаудың қажеті жоқ;
  • антибиотикті тек қана дәрігер тағайындайды және тоқтады.

Ең бастысы – аурудың кез — келген алғашқы белгілерінде дәрігерге хабарласыңыз, өзіңізді — өзіңіз емдемеңіз.

Деніңіз сау болсын! 

ncp_kz #WAAW #AntimicrobialResistance #AMRChallengeKAZ 

18.11.2024
Қаралым саны: 89
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz