Еріктілер күніне арналған мерекелік іс-шара

Петропавл қаласында 2025 жылғы 4 желтоқсанда Халықаралық еріктілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 5 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық еріктілер күнін 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бүкіл әлем бойынша еріктілердің жұмысын тану және ынталандыру тәсілі ретінде құрды. Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы тұрақты даму мақсатында 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау туралы қарар қабылдады. Бұл идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының жалпы саяси пікірталастары кезінде айтқан болатын.

Іс-шараны «Қазақстанның Қызыл жарты айы» ҚБ Солтүстік Қазақстан филиалы СҚО Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл күні бір алаңға еріктілер, медицина қызметкерлері, құтқару қызметтері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды — күнделікті жұмысымен және бастамаларымен айналасындағылардың өмірін жақсартатын және қауіпсіз ететін адамдар. Мереке аясында еріктілер қозғалысын, гуманитарлық бастамаларды дамытуға және халыққа көмек көрсетуге елеулі үлес қосатын қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

СҚО фтизиопульмонология облыстық орталығынан орталықтың бас медбикесі Малкина Нұргүл Таутасқызы алғыс хатпен марапатталды.

Қызыл жарты айдың Солтүстік Қазақстан филиалы-біздің көптен бергі серіктесіміз. «ТОҚТА ТБ» серіктестігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік өкілдігі мен Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде филиал біздің орталыққа тұрақты қолдау, оның ішінде пациенттерге қайырымдылық көмек көрсетеді.

05.12.2025
Қаралым саны: 17
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz