ЖҰМЫС КЕҢЕСІ

2024 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың төрағалығымен кеңес өтті.

Онлайн режимде өткен кеңеске СҚО ОФПО мамандары қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы балалардың туберкулезбен аурушаңдық мәселесі болды. Өңірлер бойынша статистикалық деректер қаралды, аурушаңдықтың өсуіне әсер ететін факторлар талданды, сондай-ақ осы жас тобында туберкулездің алдын алуды, диагностикалауды және емдеуді жақсартуға бағытталған шаралар талқыланды.

Министр ведомствоаралық өзара іс-қимылдың, екпелерді уақытында жүргізудің және туберкулездің таралуын болдырмау жолдары туралы халықты хабардар етудің маңыздылығын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі көтерілген әрбір мәселе бойынша тапсырма берді.

 

18.12.2024
Қаралым саны: 52
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz