Бүгін 2024 жылғы 24 желтоқсан «2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша СҚО - да балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында онлайн-кеңес өтті. Кеңесті Солтүстік Қазақстан облысының ДСБ ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Н.Ж. Касенованың қатысуымен Облыстық фтизиопульмонология орталығы өткізді. Кеңеске Облыстың БМСК бойынша меңгерушілері мен орынбасарлары, аудандық және қалалық педиатрлар, фтизиатрлар мен фтизиопедиатрлар қатысты. СҚО ОФПО МЖБ тобының жетекшісі А.Н. Түрленова Облыстың БМСК өкілдерін 2024 жылдың 11 айында балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулез бойынша қалыптасқан жағдаймен таныстырды. Кездесу барысында балалар арасында туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асырудағы мәселелер қаралды, балалар арасында туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалауды жақсартуға бағытталған негізгі шаралар талқыланды. Кеңес соңында ОФПО тарапынан қарым-қатынаста болған балаларды алдын алу емдеумен және вакцинациялаумен қамтуды жақсарту үшін, сондай-ақ облыста туберкулез инфекциясын азайту мақсатында, тұрғындар арасында ақпараттық-білім беру іс-шараларын күшейту бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Қаралым саны: 61