2024 жылғы 9 желтоқсан Алматы қаласында «Қазақстан Республикасында балалар арасындағы туберкулез дерті және туберкулез инфекциясын уақтылы диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша іс-шаралардың тиімділігі» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы балалар арасында туберкулезге қарсы күрес бойынша өткізілетін шараларды бағалау және мониторинг жүргізуге жауапты фтизиопедиатрлардың әлеуетін арттыру.
Кеңес аясында:
- ҚР-дағы балалар арасында туберкулез ахуалы бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу жүргізілді.
- 2023-2025 жылдарға арналған ТБ компоненті бойынша Жаһандық қор жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасында балалар арасында анықталған туберкулез, диагностикалау және емдеу, эпидемиологияны зерттеу» тақырыбында жүргізілген операциялық зерттеудің қорытындылары.
Қатысушылар балалардағы туберкулез дерті және туберкулез инфекциясын диагностикалау мен емдеуге қатысты негізгі мәселелерді талқылады, сондай-ақ жүргізіліп жатқан іс-шараларды жақсарту және инфекцияның таралуы мен таралуын болдырмауға ұсыныстар енгізді.
Семинар жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының штаттан тыс бас фтизиопедиатры Г.Ж. Жармагамбетова қатысты.
Қаралым саны: 59