МЕЙІРБИКЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2024 жылдың 27 сәуірінде Солтүстік Қазақстан ОФПО акт залында «Жарақаттанған кезде көрсетілетін алғашқы көмек», «Қан алудың преаналитикалық кезеңі» тақырыптарында мейірбикелік конференция өтті.

Бірінші тақырып аясында әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі қарастырылды.

Екінші тақырыпты таныстыру барысында қан алудың преаналитикалық кезеңінің негізгі сәттері қарастырылды.

Қан алудың преаналитикалық кезеңі – бұл пациентті дайындауды, биоматериалды алуды, биоматериалды сақтауды және зертханаға тасымалдауды қамтитын пациенттің сынамасын зертханалық зерттеуді тікелей жүргізудің алдындағы кезең. Преаналитикалық кезеңнің маңызды бөлігі зертханадан тыс жерде жасалады, алайда осы кезеңде орын алған қателіктер зертханалық зерттеу нәтижелерінің бұрмалануына әкелуі мүмкін.

Зертханалық зерттеулердің преаналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету биоматериал жинауды жүргізетін клиникалық мамандар мен мейірбикелердің жауапкершілік аймағы болып табылады.

Сондықтан жауапты мамандардың біліктілігін үнемі жетілдіру – сапалы медициналық қызмет көрсетудің кепілі.

29.04.2024
Қаралым саны: 13
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus