Бүгін, 2025 жылғы 27 қаңтарда СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығының МжБ тобының кеңесі өтті.
Кеңесте мониторингтік топтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ҰФҒО мониторингтік сапарларының кестесіне сәйкес өңірдегі туберкулезбен күресу жөніндегі іс-шаралардың қашықтықтан және күндізгі мониторингінің кестелері әзірленді және келісілді.
Қала емханаларының медицина қызметкерлерін (жалпы практика дәрігерлерін, терапевттерді, педиатрларды және орта буын медицина қызметкерлерін) қосымша оқыту жоспарланған. Оқыту тақырыптары туберкулез инфекциясына скринингтің өзекті мәселелерін, қауіп-қатер топтарын қалыптастыруды, сондай-ақ «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуді қамтиды.
Туберкулезге қарсы іс-шараларды ұдайы мониторингтеу және бағалау көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Қаралым саны: 12