Солтүстік Қазақстан облысының штаттан тыс бас фтизиопедиатры Г.Ж. Жармағамбетова профилактикалық егу жоспарын дайындау және 2025 жылға арналған иммунобиологиялық препараттарға өтінімдерді қалыптастыру үшін 2024 жылғы 27 қарашадан бастап 3 желтоқсанға дейін өңірдің медициналық ұйымдарынан туберкулинодиагностика жоспарын қабылдап, оны салыстыру жұмыстарын жүргізді.
Берілген деректердің уақтылығы мен анық толықтығына ерекше назар аударылды, өйткені бұл БЦЖ вакцинациялау, тәуекел тобындағы балаларға туберкулинодиагностика жүргізу процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Туберкулинодиагностикасы қауіп-қатер тобындағы балалар мен жасөспірімдерде туберкулез ауруын ерте анықтаудың негізгі әдісі. Бұл жаста иммундық жүйе әлі қалыптасады және ауру айқын белгілерсіз жасырын түрде жүруі мүмкін. Манту сынамасы және рекомбинантты туберкулезді аллерген сынамасы (АТР/Диаскинтест) дәрігерлерге ағзаның туберкулез антигеніне реакциясын бағалауға және қажет болған жағдайда уақытында қосымша тексеруді тағайындауға мүмкіндік береді.
Бұл диагностикалық әдісті ескермей ауруды уақтылы анықтауды кешіктіріп алған жағдайда, бұл емдеуді қиындатады және асқыну ықтималдығын арттырады. Сондықтан медициналық мекемелерде туберкулин диагностикасын жоспарлау мен жүргізуге жауапкершілікпен қарау маңызды.
Қаралым саны: 118