2024 жылғы 29 қараша АКСМ үйлестірушісі Н.Ш. Суходубова СҚО ҚАЖД-ға қатысты «№ 50 мекеме» РММ-де сотталғандарға «Туберкулез — шекараны білмейтін ауру» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Іс-шара барысында дәрігер туберкулездің қоздырғышы, осы аурудың негізгі белгілері туралы толық мәлімет берді. Ерте диагностика жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды, ауруды ерте диагностикалау асқынудың алдын алып, уақтылы ем жасауға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында дәрігер аудиторияның ең өзекті және толғандыратын сұрақтарына жауап берді, бұл қатысушыларға мәселені тереңірек түсінуге және құнды практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар,бас бостандығынан айыру орындарында санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтаудың маңыздылығы атап өтілді, бұл инфекциялардың таралуына жол бермеудің басты рөлін атқарады. Іс-шара тыңдаушылардың белсенді қатысуына ықпал ететіндей жылы және сенім ахуалында өтті.
Қаралым саны: 94