16 желтоқсан Қазақстан өз тарихындағы ең маңызды күндердің бірі — Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтеді. Дәл осы күні 1991 жылы Қазақстан Республикасының егемендігі және мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданып, еліміздің өмірінде жаңа парақ ашылды.
Осы маңызды мереке қарсаңында, 2024 жылғы 13 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысы фтизиопульмонология орталығының акті залында салтанатты іс-шара өтті.
Орталық директорының міндетін атқарушы Қ.Т. Күсемісов ұжымға құттықтау сөз сөйледі, ол бұл мерекенің әрбір азамат үшін маңыздылығы мен қымбат екенін ерекше атап өтті. Ол тәуелсіздік - бұл жетістік қана емес, сонымен бірге болашақ ұрпақ үшін бірге атқаратын үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
Іс-шара аясында жоғары кәсібилік танытқан орталық қызметкерлері қажырлы еңбектері үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.
СҚО ОФПО ұжымы барлық қазақстандықтарды келе жатқан ең ұлық мереке - тұғыры биік - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн сіздің жүрегіңізді туған еліңіз үшін мақтанышпен толтырып, жаңа жетістіктерге шабыттандыратын патриотизм сезімін нығайта берсін!
Қаралым саны: 62