Бүгін, 2025 жылғы 29 қаңтарда СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығында «Стационарлық емдеудегі пациенттердің ішкі күн тәртібін ұйымдастыру» тақырыбында дәрігерлік конференция өтті.
Аталған іс-шара барысында медицина мамандары инфекциялық стационардағы пациенттердің күн тәртібіне оңтайлы тәсілдерді, соның ішінде медициналық емшараларға, демалуға, тамақтануға және серуендеуге арналған уақытты талқылады.
Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар күн тәртібін қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл пациенттердің сәтті қалпына келуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, бөлімшелерде инфекциялық бақылауды сақтау шаралары талқыланды, бұл емдеу мен ауруханаішілік инфекцияларды алдын алу үшін қолайлы жағдай жасауда шешуші рөл атқарады.
29.01.2025
Қаралым саны: 16
Қаралым саны: 16