ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ!

Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығында 2023 жылдан бастап дифференциалды диагностика бөлімшесінің базасында пульмонологиялық төсек — орын жұмыс істейді. Біздің орталықта пульмонологиялық аурулары бар науқастарға білікті және мамандандырылған көмек көрсетіледі. 2024 жылы ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын 124 науқас емделді.

Пневмония – жасына қарамастан кез келген адамда дами алатын өкпенің жұқпалы ауруы. Пневмонияны вирустар, бактериялар және саңырауқұлақшалар сияқты бірқатар қоздырғыштар тудырады. Уақытында асқынулардың алдын алу үшін негізгі белгілер мен алдын алу шараларын білу маңызды.

Пневмонияның негізгі белгілері:

  • Дене қызуының көтерілуі, қызба.
  • Жиі қақырық бөлінуімен жөтел.
  • Ентігу, тыныс алудың қиындауы.
  • Тыныс алу кезінде күшейетін кеудедегі ауырсыну.
  • Жалпы әлсіздік, тез шаршау.

Өзін-өзі емдеу қауіпті болуы мүмкін! Алғашқы белгілер пайда болған кезде, қажетті тексеруді тағайындайтын учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Кейбір жағдайларда асқынуларды болдырмау үшін ауруханада емдеу қажет болуы мүмкін.

Как предотвратить развитие пневмонии?

  1. Қоғамдық орындарда және маусымдық ЖРВИ өршуі кезінде, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіңіз.
  2. Иммунитетті күшейтіңіз: дұрыс тамақтаныңыз, жаттығу жасаңыз, ұйқы тәртібін сақтаңыз.
  3. Тоңып қалудан сақтаныңыз: ауа — райына сәйкес киініңіз, аяғыңыздың ылғалдануына жол бермеңіз.
  4. ЖРВИ-ді уақытында емдеңіз: толық емделмеген инфекция пневмонияға айналуы мүмкін.
  5. Дәрігердің ұсынысы бойынша тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы вакцина алыңыз.

Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз. Аурудың алғашқы белгілерінде медициналық көмекке жүгініңіз.

15.01.2025
Қаралым саны: 34
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz