Адамдарға берілген өмір: Мейрамжан Қашкенұлы Қашкенов

2025 жылғы 30 қазанда «Шын жүректен» жобасы аясында «Адамдарға берілген өмір» атты салтанатты іс-шара өтті. Бұл іс — шарада Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология орталығында ұзақ жылдар жұмыс істеген, Денсаулық сақтау саласының еңбек ардагері — Қашкенов Мейрамжан Қашкенұлына құрмет көрсетілді.

Мейрамжан Қашкенұлы 40 жылдан астам өмірін денсаулық сақтау жүйесіне арнады. Томск медициналық институтының әскери-медициналық факультетінің түлегі, ол 1984 жылы туберкулезге қарсы қызметте еңбек жолын бастады және ұзақ жылдар бойы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің (қазіргі СҚО фтизиопульмонология орталығы) зертханасын басқарды.

Жұмыс істеген жылдары ол жоғары кәсібилік танытты, туберкулезді диагностикалаудың заманауи әдістерін практикаға енгізді, мамандарды оқытуға және өңірдің зертханалық қызметін дамытуға белсенді қатысты. «Туберкулезге қарсы белсенділігі бар терек эфир майын алу тәсілі» — Қазақстан Республикасының №36998 патентімен қорғалған өнертабыстың тең авторы болып табылады.

Әріптестер Мейрамжан Қашкенұлы туралы жоғары дәрежелі маман, дана тәлімгер, халыққа қызмет етуге және халықтың денсаулығын сақтау ісіне өмірін арнаған тамаша адам туралы айтады.

Біздің орталықтың тарихында осындай көрнекті маман жұмыс істегенін мақтан тұтамыз!

Мейрамжан Қашкенұлын лайықты танылуымен құттықтаймыз және мамандыққа берілгендігі үшін алғыс айтамыз!


30.10.2025
Қаралым саны: 47
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz