Бұл Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы заң шығарушы органына алғашқы сайлау. Дауыс беру қорытындысы бойынша Құрылтайдың 145 депутаты бес жыл мерзімге сайланады.
Сайлау – бұл ел өміріндегі маңызды оқиға және азаматтардың өздерінің сайлау құқығын іске асыру, өз ұстанымдарын білдіру және жаңа заң шығарушы органды қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі.
Біздің Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология орталығында да дауыс беруге қатысу үшін жағдайлар жасалған. Сайлау күні азаматтардың бір бөлігі стационарлық емделетін болғандықтан, біздің орталықта пациенттер емделуді тоқтатпай немесе медициналық мекемеден шықпай-ақ дауыс беру құқығын пайдалана алатындай сайлау учаскесі ұйымдастырылған.
Біз дауыс беруге құқығы бар кез келген адамды шетте қалмауға және сайлау құқығын пайдалануға шақырамыз. Сіздің дауысыңыз – азаматтық ұстанымыңызды білдіру мүмкіндігі.