Солтүстік Қазақстан облысының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК біздің орталықта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабарлайды.
- «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады, көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын беру жолымен. Туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есебіндегі тұратын немесе тұрмайтыны туралы мәліметтер Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінен қалыптастырылады. Электрондық форматта құжатты дайындау уақыты сұрау салуды алған сәттен бастап 30 минуттан аспайды. Қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы өзіне, өз баласына немесе үшінші тұлғаға қатысты оның келісімін алғаннан кейін көрсетілуі мүмкін.
- «Стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметін стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін емдеуші дәрігер жүзеге асырады. Пациентке жүргізілген тексеру, емдеу нәтижелері және одан әрі тактика бойынша ұсынымдар берілген үзінді көшірме беріледі. Үзінді көшірме туралы деректер медициналық ақпараттық жүйеге берудің нақты уақыты көрсетіле отырып, 1 жұмыс тәулігі ішінде енгізіледі.
- «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру» мемлекеттік қызметі енді www.egov.kz портал арқылы электрондық форматта немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) сұрау салуға қол қойылған мамандандырылған мобильді қосымшалар (соның ішінде eGov Mobile) немесе растаудың басқа нысанымен ұсынылады. Электрондық құжат еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландырады және жұмыстан уақытша босату және әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдерді ресімдеу құқығын растайды. Ұсыну мерзімі—сұрау салуды жүйеде тіркеген сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
- Дербес деректері мемлекеттік құпияға жататын немесе қорғауды қажет ететіндерді қоса алғанда, азаматтардың жекелеген санаттары, сондай-ақ жәрдемақы төлеуге байланысты жағдайлар (оның ішінде жүктілік және босану бойынша) медициналық ұйымға жүгінген жері бойынша құжатты қағаз жеткізгіште ала алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары ОФПО бөлімшелеріндегі ақпараттық стенділерде, ресми сайттың «Қызметтер» бетінде орналастырылған (сілтеме http://optd.sko.kz/page/read/Uslugi.html).
2025 жылдың 12 айында облыстық фтизиопульмонология орталығы 512 мемлекеттік қызмет көрсетті:
— Стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме беру—413
— Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру —99
Естеріңізге сала кетейік, аталған қызметтердің барлығы цифрландыруға және пациенттер үшін ыңғайлылыққа баса назар аудара отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі заңнамасы шеңберінде ұсынылады.