2026 жылғы 28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығында жоғары қауіпті дәрі-дәрмектерді қауіпсіз қолдану мәселелеріне арналған дәрігерлік конференция өтті. Конференцияны СҚО ОФПО пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің басшысы Шахтарина Наталья Владимировна өткізді.
Жоғары қауіпті дәрі-дәрмектер – бұл тағайындау, сақтау немесе қолдану кезіндегі қателіктер науқастың денсаулығына ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін дәрі-дәрмектер. Сондықтан препараттардың осы санатымен жұмыс істеу ерекше назар аударуды, белгіленген талаптарды қатаң сақтауды және дәрілік терапияның барлық кезеңдерінде тиімді бақылауды қажет етеді.
Конференция барысында жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен қауіпсіз жұмыс істеу, дәрі-дәрмек қателіктерінің алдын алу, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің дәрілік қауіпсіздік стандарттарын сақтағаны үшін жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды.
Іс-шара ішкі процестерді жетілдіруге, медициналық көмектің сапасын арттыруға және аккредиттеу бағалауының нәтижелері бойынша әзірленген жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған аккредиттеуден кейінгі қызмет шеңберінде өткізілді.
Мұндай конференцияларды өткізу медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуының және пациенттердің қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі болып табылады.
Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету СҚО ОФПО қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

