Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығында медициналық сауаттылық деңгейін арттыру және денсаулық мәдениетін дәріптеу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ресми Telegram-каналы туралы халықты және медицина қызметкерлерін ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Осы жұмыс шеңберінде мекемеде QR-коды бар ақпараттық материалдар пациенттер үшін қолжетімді орындарда — күту аймақтарында, тіркеу орындарында және мамандар кабинеттерінде орналастырылады. Сондай-ақ пациенттерге медициналық көмекке жүгінген кезде аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын жүргізу мәселелері бойынша сенімді және өзекті ақпарат көзі ретінде Telegram-арнаға жазылу ұсынылады.
Мұндай шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға және тексерілген медициналық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.



