Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған дөңгелек үстел: барлығына қол жетімді медицина

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» филиалының бастамасымен іс-шаралар жоспарын орындау аясында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесу тақырыбы: «Петропавлда денсаулық сақтаудың қолжетімділігі: проблемалар, шешімдер, серіктестік».

Дөңгелек үстел жұмысына СҚО Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының, қаланың медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығынан фтизиатр-дәрігер Д.Ж. Карменова баяндама жасап, халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсетудің, диагностика мен емдеудің қолжетімділігінің, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін атап өтті.

Талқылау барысында қатысушылар бірқатар маңызды тақырыптарды қозғады:

  • халықтың әртүрлі санаттары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы;
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру және оның тиімділігі мәселелері;
  • медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтауды цифрландыру және заманауи сервистерді енгізу;
  • мемлекеттік құрылымдар, медициналық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы әріптестікті нығайту.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін шоғырландырудың, сондай-ақ өңірдің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.