Туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында 17 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы Фтизиопульмонология орталығының мониторингтік тобы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға іссапармен барды.
Сапар барысында мамандар алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде туберкулезге қарсы қызметті ұйымдастыруға кешенді бағалау жүргізді. Ерекше назар туберкулезді ерте анықтау, уақтылы диагностика жасау, науқастарды бағыттау (маршрутизациялау), сондай-ақ емдеу стандарттарын сақтау және инфекциялық бақылау мәселелеріне аударылды.
Медицина қызметкерлері үшін оқыту іс-шаралары ұйымдастырылып, семинарлар өткізілді және клиникалық жағдайлар талқыланды. Мониторинг аясында мамандар практикалық және кеңестік көмек көрсетіп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырды, медициналық қызмет сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берді.
Осындай іссапарлардың өткізілуі денсаулық сақтау деңгейлері арасындағы өзара байланысты нығайтуға, медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және нәтижесінде өңірдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.



