Туберкулезге қарсы күрес айлығы аясындағы жұмыс белсенді жалғасуда. «Денсаулық» ЖКЕМ фтизиатры эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманымен бірлесіп жоғары медициналық колледж студенттеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Кездесу барысында туберкулезді ерте анықтау мен алдын алудың өзекті мәселелері, флюорографиялық тексеруден уақтылы өтудің маңыздылығы, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ вакцинациялаудың заманауи тәсілдері және халықты аурудың қаупі туралы ақпараттандыру талқыланды.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ММ қызметкерлері үшін туберкулез белгілері, инфекцияның берілу жолдары және ұжымда алдын алу шаралары туралы дәріс өткізілді. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауға және уақтылы диагностикалауға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар болашақ медицина қызметкерлерінің де, басқа сала мамандарының да аймақтағы туберкулездің алдын алу мен бақылаудың маңыздылығы туралы хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған.



