Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығында кіші медициналық персоналға арналған «Код Ақ» тақырыбында семинар өтті.
«Код Ақ» — бұл агрессивті мінез-құлық, жанжал жағдайлары немесе қызметкерлердің, пациенттердің және келушілердің қауіпсіздігіне қауіп төнген кезде медициналық ұйымдарда қолданылатын ескерту жүйесі. Оның мақсаты-қызметкерлердің тез әрекет етуін қамтамасыз ету және қауіпті жағдайдың дамуына жол бермеу.
Конференция барысында қызметкерлерге «Код Ақ» жариялау кезіндегі іс-қимыл тәртібі, жауапты тұлғаларды хабардар ету алгоритмі, сондай-ақ бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл ережелері еске салынды.Қақтығыстарды деэскалациялау мәселелеріне, пациенттермен және келушілермен кәсіби қарым-қатынас, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар күнделікті жұмыстағы практикалық мысалдарды қарастырып, жанжалды жағдайларды уақтылы анықтауға және алдын алуға көмектесетін әрекеттерді талқылады.
Мұндай оқыту іс-шаралары персоналдың штаттан тыс жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді және медициналық ұйымдағы барлық адамдар үшін қауіпсіз және жайлы ортаны сақтауға көмектеседі.


