Туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес айлығы аясында көпсалалы облыстық аурухананың қызметкерлері үшін ақпараттық-білім беру дәрісі өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысы фтизиопульмонология облыстық орталығының фтизиатр-дәрігері Н.И.Щеглова туберкулезді ерте диагностикалаудың өзекті мәселелерін, аурудың клиникалық көріністерін, сондай-ақ оны анықтаудың заманауи тәсілдерін егжей-тегжейлі атап өтті. Тәуекел тобындағы пациенттермен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерлерінің сақтығына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында инфекциялық бақылау, кәсіптік инфекцияның алдын алу шаралары және медициналық ұйымдарда санитарлық-эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және туберкулезбен тиімді күресуге ықпал етеді.
