«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК «Туберкулез бойынша диспансерлік есепте болу немесе болмау туралы мәліметтерді ұсыну» мемлекеттік қызметін келесі арқылы алуға болатындығын хабарлайды:
- электрондық үкімет веб-порталы egov.kz,
- сондай-ақ Қазақстан Республикасы банктерінің мобильді қосымшалары арқылы.
Қызмет көрсетіледі:
- өзіне қатысты,
- балаңызға қатысты,
- басқа тұлғаның-EGOV порталы арқылы расталған келісімі болған кезде (тиісті хабарламаға жауап ретінде).
❗ Назар аударыңыз: егер адам бұрын туберкулезге қарсы мекемеде есепте тұрса, бірақ емдеуді аяқтамаса немесе диспансерлік бақылауды үзбесе (көшуге, жеке жағдайларға және т.б. байланысты), ол әлі де есепте тұруы мүмкін. Тиісінше, анықтамада оның диспансерлік есепте екендігі көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ақпараттық жүйелерге қажетті өзгерістер енгізу үшін «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК-не хабарласуыңызды сұраймыз.
«Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығын орындау үшін 2026 жылдың 1 тоқсанында «Стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметі 89 пациентке көрсетілді.
«Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 1 тоқсанында «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік қызметі 29 пациентке көрсетілді.