Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Мониторинг және әдістемелік көмек

Солтүстік Қазақстан облысы фтизиопульмонология облыстық орталығының ЖАО тобының мамандары «MedicaLine» ЖШС және «ПриИшимье и К»ЖШС-не мониторингтік сапарлар өткізді.

Мониторинг барысында туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына, медициналық құжаттаманы жүргізуге, сондай-ақ пациенттерді анықтау мен тексерудің уақтылы жүргізілуіне бағалау жүргізілді. Инфекциялық бақылау, пациенттерді маршруттау және халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

СҚО ОӨҚО мамандары медицина қызметкерлеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетті, анықталған ескертулерді жою және қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

Сондай-ақ, сапар шеңберінде медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары өткізілді, онда туберкулезді ерте анықтаудың, инфекцияның таралуын диагностикалаудың, алдын алудың, сондай-ақ медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау шараларын сақтаудың өзекті мәселелері қаралды. Қатысушылар практикалық жағдайларды талқылап, қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандарға түсініктеме ала алды.

Мұндай мониторингтік іс-шаралар мен оқыту семинарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және өңір халқына медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.