Солтүстік Қазақстан облысының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК базасында «Республикалық медицина академиясы» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы облыстық фтизиопульмонология орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «МСАК тәжірибесінде туберкулезді ерте анықтаудың заманауи тәсілдері» семинар-тренингтер циклі басталды.
Семинар бағдарламасы МСАК деңгейінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелерін қамтиды. Қатысушылар туберкулезді ерте анықтау, жоғары қауіпті топтарды қалыптастыру, пациенттерді сүйемелдеу, зертханалық диагностиканың қазіргі заманғы әдістері, туберкулез инфекциясын диагностикалау және профилактикалық емдеу, балалар мен жасөспірімдерде ауруды анықтау ерекшеліктері, емдеудің қазіргі заманғы қағидаттары, дәрілік заттардың қауіпсіздігін белсенді мониторингілеу, сондай-ақ стигманы төмендету және пациенттермен тиімді қарым-қатынас мәселелері бойынша білімдерін жетілдіреді.
Осындай білім беру іс-шараларын өткізу МСАК мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға, денсаулық сақтаудың бастапқы буыны мен фтизиатриялық қызмет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін жақсартуға ықпал етеді.
