2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша аурухана кеңесі

СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығында аурухана кеңесі өтті, онда орталықтың 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында мамандар қызметтің негізгі көрсеткіштерін, туберкулезбен күрестегі жетістіктер мен қазіргі сын-қатерлерді талқылады. Диагностика, емдеу және алдын алу шараларының нәтижелері талданды, сондай-ақ пациенттерге медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру мәселелері қаралды. 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне арналған айлықты қорытындылауға ерекше назар аударылды.

Мұндай іс шараларды өткізу мекеменің тиімді жұмысын ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Олар ағымдағы нәтижелерді бағалауға, проблемалық мәселелерді анықтауға және тез арада шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді, бұл медициналық көмектің сапасын арттыруға және ұжым ішіндегі өзара әрекеттесуді жақсартуға көмектеседі.

 

 

03.04.2025
Қаралым саны: 191
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz