РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР — КЕҢЕСТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бүгін, 2025 ж. 19 қарашада Алматы қаласында ҚР ДСМ ҰФҒО және серіктестер (ЖҚ ЖІАТ, КNСV, ДҮС) ұйымдастырған «ҚР ҒТП емдеудегі және дәрі — дәрмекпен қамтамасыз етудегі негізгі басымдықтар» атты республикалық семинар — кеңес аяқталды.

  • Клиницистер тобының жұмысына, күрделі клиникалық жағдайларды, емдеу режимдерін таңдау алгоритмдерін және ДТ-ТБ қысқа емдеу режимдерін тағайындаудағы ОДКК рөлін талқылауға қатысқан Раиса Ермекқызы Құсайынова;
  • Туберкулезге қарсы препараттардың қауіпсіздігін белсенді мониторингілеу, жағымсыз реакцияларды талдау және қысқа емдеу режимдерін кеңейту кезінде аМБЛ жүйесін нығайту жөніндегі сессияларға қатысқан Азамат Дәуленұлы Елеукин.

Бүгін бағдарламаның өз бөлігін сәтті аяқтады.

Біздің мамандардың осындай ауқымды республикалық семинарға қатысуы күрделі клиникалық жағдайлар бойынша ОДКК-да шешім қабылдау сапасын күшейтуге және жағымсыз реакциялар мен ерекше қызығушылықтың жағымсыз құбылыстарын белсенді мониторингтеу есебінен емдеудің қауіпсіздігі мен төзімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Әріптестерімізге аймақтағы және елдегі туберкулезге қарсы күрес бағдарламасының дамуына қосқан белсенді ұстанымы мен үлесі үшін алғыс айтамыз!


19.11.2025
Қаралым саны: 27
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz