СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобы 2025 жылғы 10 сәуірде 2025 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысын бағалау мақсатында Тайынша ауданына көшпелі сапармен барды.
Сапар барысында көрсеткіштерді талдау бойынша жұмыс жүргізілді, мықты тұстары анықталды және қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттар белгіленді. Туберкулезді бастапқы буын деңгейінде уақытында анықтау, диагностикалау және емдеу, сондай-ақ «Дамумед» КМАЖ құжаттамасын жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, топ өкілдері «Надежда»Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және «Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болды. Мекемелерде халықтың осал топтары арасында туберкулездің алдын алу мәселелері талқыланды, қызметкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай көшпелі іс шаралар сектораралық өзара іс қимылды нығайтуға және облыс аудандарында жүргізілетін туберкулезге қарсы жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Қаралым саны: 156

























